7 сағат бұрын

«Тараз» футбол клубының спорт директоры тағайындалды

«Тараз» футбол клубының спорт директоры тағайындалды

Фото: «Тараз» футбол клубы

«Тараз» футбол клубының спорт директоры қызметіне Қайрат Сүлей тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Күн сайын қаламыздағы футболдың дамуы үшін орасан зор еңбек атқарып жүрген адам. Тараз қаласының тумасы, бұрынғы футболшы, туған клубының намысын қорғау нені білдіретінін жақсы білетін жан. Бүгінде клубтың болашағы үшін бар күшін салып келеді. Оның еңбегі көп жағдайда кадр сыртында қалады, бірақ дәл осындай адамдардың арқасында команда құрылып, клуб дамиды, - деп жазылған хабарламада.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»