7 сағат бұрын

Бірінші лига: «Хан тәңірі» мен «Каспий» тең нәтижені тіркеді 

Бірінші лига: «Хан тәңірі» мен «Каспий» тең нәтижені тіркеді 

«Хан тәңірі» видеосынан скриншот

Алматының «Хан тәңірі» және Ақтаудың «Каспий» командалары Бірінші лиганың алғашқы турында тең нәтижеге қанағат білдірді деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында командалар екі-екіден гол соқты.

«Хан тәңірі» (Алматы) – «Каспий-Ж» (Ақтау) 2:2

Голдар: Рустам Эмиров 54, Дархан Меделхан 90+1 – Нұрмұхаммед Ислам 40, 49

Енді екінші турда 16 сәуірде «Каспий-Ж» өз алаңында алматылық «Қайрат-Ж» клубымен кездессе, «Хан тәңірі» 17 сәуірде Семейде «Елімай-Жі» клубымен жасыл алаңға шығады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»