5 сағат бұрын
Бірінші лига: «Астана» мен «Ақтөбе» жастары тең ойнады
Фото: «Астана» футбол клубы
Елордалық «Астана-Ж» командасы футболдан Бірінші лигада алғашқы ойында «Ақтөбе-Ж» клубымен тең ойнады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы кезеңде елордалық футболшылар бір гол соққан еді. Екінші кезеңде олар тағы бір мәрте мергендігімен көзге түссе, ақтөбелік клуб оған екі голмен жауап берді.

«Астана-Ж» - «Ақтөбе-Ж» 2:2 (1:0)
Голдар: Бауыржан Мұстафин, 3, Бейбарыс Әбілда, 69 - Әділбек Бегімов, 49, Дәулет Мұратов, 88.
Бұл турдан кейін командалар 6 және 7 орынды өзара бөлісіп тұр.

Енді алдағы турда «Астана-Ж» 16 сәуірде сырт алаңда Оралдың «Жайық» командасымен кездессе, «Ақтөбе-Ж» 17 сәуірде өз алаңында «Таразбен» шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»