3 сағат бұрын
Эрлинг Холанн XXI ғасырдағы ең үздік футболшылардың қатарына енді
Норвегиялық футболшы Эрлинг Холанн ағылшын чемпионатының осы ғасырдағы матчтарындағы орташа нәтижелілік көрсеткіші бойынша бірінші орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz
.Жүргізілген есептеулерге сәйкес, Холанның көрсеткіші – 0,85 (126 матчта 107 гол).
Екінші орынды лондондық «Арсеналдың» аңызы Тьерри Анри иеленді – 0,68 (259 матчта 175 гол). Ал үздік үштікті «Манчестер Ситиде» жарқыраған Серхио Агуэро түйіндейді – 0,67 (275 ойында 184 гол).
Сондай-ақ үздік ондыққа Гарри Кейн (0,67 және 320 ойында 213 гол), Руд ван Нистелрой (0,63 және 150 ойында 95 гол), Луис Суарес (0,63 және 110 ойында 69 гол), Мохамед Салах (0,59 және 323 матчта 191 гол), Александр Исак (0,58 және 96 ойында 56 гол), Златан Ибрагимович (0,52 және 33 ойында 17 гол), сондай-ақ Робин ван Перси (0,51 және 280 матчта 11 гол) енді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов