3 сағат бұрын

«Ливерпульдің» негізгі қақпашысы жарақат алып қалды

«Ливерпульдің» негізгі қақпашысы жарақат алып қалды

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот команданың бразилиялық қақпашысы Алисон Бекер бұрын алған жарақатына байланысты осы маусымның соңына дейін алаңға шыға алмайтынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz

«Ол «Пари Сен-Жерменге» қарсы матчтарға (УЕФА Чемпиондар лигасы аясында. — “Чемпионат” ескертпесі) қатыспайды. Тағы біраз уақытты өткізіп алады. Біз Алисон маусымның соңына қарай бабына келеді деп үміттенеміз», — деп Слоттың сөзін This is Anfield келтіреді.

Ағымдағы маусымда 33 жастағы Бекер клуб деңгейіндегі барлық турнирлерде 34 матч өткізіп, 36 гол жіберіп алған. 13 ойында Алисон қақпасын голдан аман сақтап шықты. Футболшының «Ливерпульмен» қолданыстағы келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»