12 сағат бұрын

«Астана» клубы жаңа ойыншымен толықты

«Астана» клубы жаңа ойыншымен толықты

Өзбекстан жасөспірімдер құрамасының және «Газалкент» клубының жартылай қорғаушысы Асылбек Абдурасулов жалға алу негізінде «Астана» клубына ауысты, деп хабарлайды Sport12.kz сайты

«Асылбек Абдурасулов —«Астананың» жаңа ойыншысы!

Жас өзбекстандық жартылай қорғаушы жыл соңына дейін жалға алу негізінде командаға қосылды. Асылбек вингер позициясында ойнайды», — деп хабарланды елордалық клубтың Instagram парақшасында.

18 жастағы өзбекстандық футболшы «Бунёдкор» клубының тәрбиеленушісі. Ол «Газалкент» командасына осы жылдың ақпан айында ауысқан. Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы сапында екі матчта алаңға шыққан.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»