11 сағат бұрын
«Ливерпуль» Англия Кубогында ойсырай жеңілді
Бүгін, 4 сәуір күні Англия Кубогының ширек финалында «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz
Ойынның 39-минутында «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд есеп ашып, 11 метрлік соққыны сәтті орындады. 45+2-минутта Холанд дубль авторы атанды. Шабуылшы Антуан Семеньо 50-минутта «Ливерпульдің» қақпасына үшінші голды соқты. 57-минутта Холанд хет-трик жасады. Қорытынды есеп: 4:0.
Жартылай финалдық жұптардың жеребесі 5 сәуірге жоспарланған. Ал жартылай финал матчтары 25 және 26 сәуірде «Уэмбли» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов