9 сағат бұрын

Sport12.kz бастамасы: ерекше жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйланды

Sport12.kz бастамасы: ерекше жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйланды

Sport12.kz ақпарат агенттігінің ұйымдастыруымен және Ордабасы футбол клубының қолдауымен Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында өткен «Ордабасы» – «Атырау» матчын тамашалауға ерекше мүмкіндік жасалды.

Аталған игі шара аясында Төлеби ауданындағы балалар үйі мен қарттар үйінен 50-ден астам жанкүйер стадионға арнайы шақырылып, үлкен футболдың атмосферасын сезінді. Бұл бастама — әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға қуаныш сыйлап, спорт арқылы шабыт берудің жарқын үлгісі болды.

Осы орайда, «Ордабасы» футбол клубының президенті Дархан Қызайбаев мырзаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен клубтың баспасөз хатшысы Сейіл Қожатай мырзаға да ризашылығымызды білдіреміз.

Sport12.kz алдағы уақытта да осындай әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды жалғастыра береді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»