7 сағат бұрын
Альваро Арбелоа: «Реалдың» жеңілісіне мен кінәлімін
«Реалдың» бас бапкері Альваро Арбелоа Ла Лиганың 30-туры аясында «Мальоркадан» (1:2) жеңілген ойынға пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бізге шыдамдылық пен бір апта бойы жасаған жұмысымыз жетіспеді. Ойынның бағытын өзгертіп, қарсылас қақпасына жол таба алмадық. Бірінші таймды екіншісіне қарағанда жақсы өткіздік, ал екінші таймда бізге энергия мен ойдың анықтығы жетпеді.
Ең қиыны, ойыншыларға 200% күш салмай, жеңіске жету мүмкін емес екенін түсіндіру. Бірінші таймда біз мықтырақ болдық. Бірақ зейіннің төмендеуі өз қақпамызға гол жіберуге әкелді. Бір сәтке назардан айырылсаң, дұрыс бейімделмесең, қарсыласыңды жоғалтып алсаң, қорғанысқа уақытында оралмасаң, жазаланасың.
Жеңіліске мен кінәлімін. Шешім қабылдайтын - мен, ауыстыру жасайтын - мен. Қалай ойнау керегін айтатын да — мен. Маған олардың Чемпиондар лигасында, өте маңызды турнирде, бар күшін салғаны керек. Киім ауыстыратын бөлмеден шыққанда, олар тек «Бавария» туралы ойлауы тиіс», — деп Арбелоа.
Испания чемпионатының 30 турында мадридтік «Реал» 69 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов