6 сағат бұрын
«Барселона» Испания чемпионатының орталық ойынында қандай құраммен шығады?
Бүгін Испания Ла Лигасының 30-туры аясында мадридтік «Атлетико» мен «Барселона» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz
Ойын Мадрид қаласындағы «Сивитас Метрополитано» стадионында өтеді.
«Атлетико»: Муссо, Молина, Ле Норман, Лангле, Коке, Варгас, Гонсалес, Альмада, Симеоне, Гризманн, Баэна.
«Барселона»: Жоан Гарсия, Кубарси, Мартин, Канселу, Эрик Гарсия, Араухо, Ямаль, Фермин Лопес, Педри, Ольмо, Рашфорд.
Испания чемпионатының 29 турынан кейін «Барселона» 73 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал «Атлетико» 57 ұпаймен төртінші орында орналасқан.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов