5 сағат бұрын

«Қайрат» Алматыда ешкім күтпеген есеппен жеңіске жетті

«Қайрат» Алматыда ешкім күтпеген есеппен жеңіске жетті

Алматылық «Қайрат» пен «Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші турының орталық матчында кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қонақтар бірінші таймда ештеңе көрсете алмады және жауапсыз төрт гол жіберіп алды. Жоржиньо дубль авторы атанды. Сондай-ақ Дастан Сәтпаев пен Александр Мартынович гол соқты. Екінші таймда елордалық клуб ойынды теңестіргенімен, есеп өзгерген жоқ. Қазақстан чемпиондары 4:0 есебімен жеңіске жетті.

«Қайрат» — «Астана» 4:0 (4:0)

Голдар: Жоржиньо 10 (1:0), Сәтпаев 22 (2:0), Жоржиньо 41 (3:0), Мартынович 45+1 (4:0)

Енді «Қайраттың» еншісінде 10 ұпай бар және ол турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Ал «Астана» 7 ұпаймен көшбасшылар үштігінен шығып қалды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»