4 сағат бұрын
Ислам Чесноковтың командасы Шотландия чемпионатында ұпай жоғалтты
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков өнер көрсететін «Хартс» Шотландия чемпионатының 32-туры аясында сырт алаңда «Ливингстонмен» тең ойнады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ливингстон қаласында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
«Хартс» сапында голдарды Лоренс Шенкленд пен Клаудио Брага соқты.
Ал «Ливингстон» құрамында Стиви Мэй мен Льюис Смит көзге түсті.
Қазақстан құрамасы мен «Хартстың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков негізгі құрамда алаңға шығып, 77-минутта ауыстырылды. Ол нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленген жоқ.
32 турдан кейін Эдинбург клубы 67 ұпай жинап, Премьер-лига турнирлік кестесінде көш бастап келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов