3 сағат бұрын

«Оқжетпес» cоңғы секундта жеңілістен аман қалды

«Оқжетпес» cоңғы секундта жеңілістен аман қалды

Астаналық «Жеңіс» Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеспен» тең ойнады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Астанада өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

30-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Зураб Тевзадзе есеп ашты. Алайда ойынның соңғы минуттарында Лео Ассунсаудың голының арқасында «Оқжетпес» 1 ұпай алды.

Осы ойыннан кейін «Жеңіс» 3 ұпай жинап, турнирлік кестеде 12-орында тұр. Ал «Оқжетпес» 8 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»