2 сағат бұрын
«Қайраттың» жаңа ойыншысы жеңіске қатысты ойын айтты
«Қайраттың» финляндиялық жартылай қорғаушысы Ойва Юккола Премьер-лиганың төртінші турындағы «Астанаға» қарсы матчқа (4:0) пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
– Менің ойымша, бізге бірінші таймда бірнеше ерте гол соққанымыз көмектесті. Жанкүйерлер де бізді қолдады. Бүгін стадионды толтырғаны үшін оларға өте ризамыз! Әрине, бұл тамаша жеңіс және жақсы командалық ойын болды», - деді Ойва Юккола.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойын 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов