Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Манчестер Ситиге» келуі мүмкін бапкерлердің есімі аталды

«Манчестер Ситиге» келуі мүмкін бапкерлердің есімі аталды

Хосеп Гвардиола маусым аяқталғаннан кейін «Манчестер Сити» бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz

Испаниялық маман әлі нақты шешім қабылдамай, оны кейінге қалдырғаны туралы ақпарат пайда болды. «Манчестер Сити» Гвардиола кетуі мүмкін жағдайға байланысты қазірдің өзінде жоспар құрып жатыр. Goal порталы The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, басты үміткерлер — қазір «Баварияны» жаттықтырып жүрген Венсан Компани мен Германия құрамасын баптайтын Юлиан Нагельсманн.

Қазіргі уақытта «Манчестер Сити» Премьер-лига турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Гвардиола командасы «Арсеналдан» тоғыз ұпайға қалып келеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан