Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Ордабасы» клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады

«Ордабасы» клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында даулы нәтижемен біткен «Ордабасы» мен «Атырау» клубтарының арасындағы жайтқа шымкенттік команда мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz

««Ордабасы» футбол клубы ҚПЛ 4-тур аясында «Атырау» командасына қарсы матчынан кейін жанкүйерлер, сарапшылар және футбол қауымдастығы тарапынан айтылған пікірлерді назарға алды.

Ойын барысында орын алған кейбір сәттерге байланысты туындаған алаңдаушылық пен эмоцияны түсінеміз. Осыған орай клубтың ұстанымын жеткізуді жөн санаймыз.

«Ордабасы» әрдайым адал ойын (Fair Play) қағидаларын, спорттық әдепті және футболдағы барлық қатысушыларға деген құрметті басты орынға қояды. Біз үшін матч нәтижесі тек алаңдағы шынайы бәсеке арқылы анықталуы маңызды.

Біз өз тарапымыздан әділдік, ашықтық және төрешілік деңгейін жүйелі түрде дамыту қағидаларын қолдаймыз. Бұл жарыстарға деген сенімнің маңызды бөлігі.

Жанкүйерлерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін аса маңызды. Қатарынан үш ойынның аншлагпен өтуі Шымкенттің шын мәнінде футбол қаласы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Клуб өз кезегінде жанкүйерлер сенімін ақтау үшін бар күшін салады – спорттық нәтижеде де, матчтарды ұйымдастыруда да жоғары деңгей көрсетуге ұмтылады.

Сондай-ақ барлық қарсыластарға әрдайым құрметпен қараймыз. «Атырау» футбол клубына тартысты ойын мен алаңдағы күресі үшін алғыс білдіреміз. Алдағы кездесулерде сәттілік тілейміз.

«Ордабасы» футбол клубы алдағы уақытта да кәсібилік, жауапкершілік және ойынға деген құрмет қағидаларын берік ұстанады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталмыш матч 1:1 есебімен аяқталды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан