Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Биылғы футболдан Қазақстан кубогының ерекшелігі қандай?

Биылғы футболдан Қазақстан кубогының ерекшелігі қандай?

Фото: ҚФФ

Биыл барлық командалар жаңа форматта 1/16 финал кезеңінен бастайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Оған қатысуға ҚПЛ, Бірінші және Екінші лига клубтарымен қатар, әуесқой лигасының командалары да қатысуға мүмкіндік алды. Жеребе қорытындысына сәйкес, Әуесқойлар лигасының жеңімпазы BKS «Астанаға» қарсы шығады. Сонымен қатар, лиганың тағы бір өкілі – Jelaev Nan «Алтаймен» күш сынасады.

Бұған қоса Екінші лигаға биыл жаңадан қосылған «Хромтау», «Қаршыға», «Ансат» ойыншылары да Қазақстан кубогында бақ сынайды.

Аталған өзгерістер бұқаралық футболды дамытуға және өңірлердегі футбол белсенділігін арттыруға бағытталып отыр.

Бастапқыда турнирге 32 команда қатысады деп жоспарланған. Алайда SD Family клубының турнирге қатыспауына байланысты «Ертіс» келесі кезеңге автоматты түрде өтті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан