Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

«Реал» Дидье Дешамды бас бапкерлікке үміткерлер қатарына қосты

«Реал» Дидье Дешамды бас бапкерлікке үміткерлер қатарына қосты

Мадридтік «Реал» Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешамды келесі маусымнан бастап команданы басқаруға үміткерлердің бірі ретінде қарастыруда, деп хабарлайды Sport12.kz RMC Sport-қа сілтеме жасап.

57 жастағы маман клубтың ықтимал бапкерлік өзгерістері аясында шорт-листке енгізілген. Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Франция құрамасынан кетіп, 14 жылдық жұмыс циклін аяқтауы мүмкін екені айтылады.

2025 жылдың маусымында Карло Анчелотти кеткеннен кейін «Реал» ішкі біріншілікте де, Чемпиондар лигасында да тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде қиындықтарға тап болған.

Ал қаңтар айында команданы басқарған Альваро Арбелоа маусымды ірі трофейсіз аяқтауы мүмкін, бұл оның болашағына күмән тудырып отыр.

Бұған дейін команданы Хаби Алонсо да басқарған, алайда оның Мадридтегі жұмысы сәтсіз болып, 7 айдан кейін қызметінен босатылған.

Осы жағдайға байланысты клуб басшылығы Флорентино Перес жетекшілігімен команданы бұрынғы деңгейіне қайтара алатын жаңа бапкер іздеуді бастады. Дидье Дешам — басты үміткерлердің бірі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан