6 сағат бұрын
«Жеңістің» бразилиялық шабуылшысы ҚПЛ-да мерейтойлық матчын өткізді
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
Қазақстан Кубогының 1/16 финалдық матчы «Жеңіс» шабуылшысы Адилио Корреа до Сантос үшін ерекше болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
2024 жылдың жазынан бері команда намысын қорғап келе жатқан Адилио «сары-қаралар» сапындағы өзінің 50-ші кездесуін өткізді.
Осы уақыт ішінде ол командаға айтарлықтай пайдасын тигізді: 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан