3 сағат бұрын
Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында жетістігін жаңартты
Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы Мюнхеннің «Бавариясына» қарсы алғашқы матчта (1:2) гол соқты, деп хабарлайды Sport12.kz
Осы маусымдағы Чемпиондар лигасында Мбаппенің еншісінде 14 гол бар. Мұндай көрсеткішті 2011/2012 маусымында Лионель Месси тіркеген. Турнир рекорды Криштиану Роналдуға тиесілі. Ол 2013/2014 маусымында мадридтік «Реал» сапында 17 гол соққан.
«Бавария» мен «Реал» арасындағы қарымта матч 15 сәуір күні өтеді. Ойын Мюнхендегі «Арена Мюнхен» стадионында болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов