3 сағат бұрын
Мохамед Салахты кім алмастыра алады?
«Ливерпуль» клубы маусым соңында командадан кететін Мохамед Салахтың орнына үміткерлердің бірін анықтады, деп хабарлайды Sport12.kz
Мерсисайдтықтардың қызығушылық танытқан ойыншысы - «Хоффенхаймның» 20 жастағы вингері Базумана Туре.
Дереккөз мәліметінше, ағылшын клубының скауттары 31 наурыз күні өткен Шотландия мен Кот-д’Ивуар құрамалары арасындағы матчқа барған. Туреге «Ливерпульден» бөлек, «Астон Вилла» да қызығушылық танытып отыр.
Ол осы Бундеслига маусымында 24 матч өткізіп, екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, футболшының нарықтық құны 40 миллион еуроға бағаланып отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов