9 сағат бұрын
«Ахмат» Самородов пен Кенжебекке қатысты шешім қабылдады
Ресей Премьер-лигасының 24-туры аясында грознендік «Ахмат» сырт алаңда «Крылья Советовқа» қарсы ойнайды.
Матч алдында команданың бастапқы құрамы белгілі болды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов негізгі құрамда алаңға шығады, ал оның командаласы Ғалымжан Кенжебек кездесуді қосалқы құрамнан бастайды.
«Ахматтың» бастапқы құрамы: Ульянов, Богосавац, Заре, Цаке, Хлусевич, Гадио, Касинтура, Пряхин, Садулаев, Самородов, Мелкадзе.
Кездесу Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.
Айта кетейік, 23 турдан кейін Станислав Черчесов жаттықтыратын команда 30 ұпаймен турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұр. Ал «Крылья Советов» 21 ұпаймен 13-орында орналасқан.

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан