3 сағат бұрын
«Астана» соңғы минутта жеңілістен аман қалды
«Астана» мен шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-Лигасы бесінші турының матчында кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші таймда командалар бірнеше қауіпті сәттер жасағанымен, есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда Жасұлан Әмір алыстан соққы жасап, қонақтарды алға шығарды. 95-минутта Ян Вороговский елордалық командаға 1 ұпай әкелді. Есеп: 1:1.
«Астана» — «Ордабасы» 1:1 (0:0)
Голдар: Әмір 72 (0:1), Вороговский 90+5 (1:1)
Осылайша, қазір «Ордабасы» командасының еншісінде тоғыз ұпай бар. Ал «Астана» сегіз ұпай жинады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов