Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

«Реал Мадрид» Тони Кроосты клубқа қайтармақ

«Реал Мадрид» Тони Кроосты клубқа қайтармақ

Мадридтік «Реал» клубы бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроосты клуб құрылымына қайта тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Клуб басшылығы неміс футболшысын келесі маусымнан бастап спорттық бағыттағы жұмысқа қосуды жоспарлауда. Кроостың нақты қандай қызмет атқаратыны әзірге белгісіз, алайда оның тәжірибесі мен ықпалы команда дамуына оң әсер етеді деп есептеледі.

Бұл бастаманы клуб президенті Флорентино Перес те қолдап отыр.

Айта кетейік, Тони Кроос «Реал» сапында 2014 жылдан 2024 жылға дейін өнер көрсетіп, мансабын Еуро-2024 турнирінен кейін аяқтаған. Ол мадридтік клубпен бірге бес рет Чемпиондар лигасын және төрт рет Испания чемпионатын жеңіп алған.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан