8 сағат бұрын
88-минуттағы гол «Ұлытауға» жеңіс сыйлады
Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында өскемендік «Алтай» мен жезқазғандық «Ұлытау» кездесіп, қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында өткен ойында алаң иелері алғашқы болып есеп ашты. 17-минутта Драган Стойсавлевич дәл соққымен «Алтайды» алға шығарды. Алайда бірінші тайм аяқталғанға дейін Сағи Маликайдар таразы басын теңестірді.
Екінші таймда ойын тартысты өтті. 75-минутта «Алтай» қорғаушысы Елисей Горшунов қызыл қағаз алып, командасы алаңда бір ойыншыға кем қалды.
Матчтың шешуші сәті 88-минутта тіркелді — Давид Анане Мартин гол соғып, «Ұлытауға» жеңіс әперді.
Осы нәтижеден кейін «Ұлытау» сегіз ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігіне көтерілді. Ал «Алтай» екі ұпаймен төменгі орындарда қалып отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан