Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Килиан Мбаппе жарақатының суретін жариялады

Килиан Мбаппе жарақатының суретін жариялады

«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе Ла Лиганың 31-туры аясында «Жиронаға» қарсы матчта (1:1) көзінен жарақат алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойынның 89-минутында Мбаппе «Жиронаның» айып алаңына кіріп, қорғаушы Виктор Рейстің шынтағымен бетінен соққы алды. Төреші бұл эпизодта Рейске ешқандай жаза қолданбай, қонақтар қақпасына пенальти де белгілемеді.

12 сәуірде Мбаппе әлеуметтік желіде тігіс салынған суретін жариялады.

Бұл жарақат оның Чемпиондар лигасы аясында «Баварияға» қарсы өтетін ширек финалдың жауапты матчына қатысуына кедергі келтірмейді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан