6 сағат бұрын
Әли Әлиев қызметінен кете ме: «Жеңіс» ірі жеңіліске ұшырады
Петропавлдың «Қызылжары» мен астаналық «Жеңіс» Қазақстан Премьер-Лигасының бесінші туры аясында кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың алғашқы минуттарынан бастап ойын тең дәрежеде өтті. Есепті алаң иелері ашты. Йоханнес Бьорталидтің айып добынан асырған пасынан кейін Анатолий Козленко гол соқты. Үзілістен кейін фарерлік шабуылшы дубль авторы атанып, бір нәтижелі пас берді. Қорытынды есеп: 4:0.
«Қызылжар» — «Жеңіс» 4:0 (1:0)
Голдар: Козленко 35 (1:0), Бьорталид 60 (2:0), Әділ 74 (3:0), Бьорталид 80 (4:0).
Осылайша, «Қызылжардың» еншісінде сегіз ұпай бар және ол турнирлік кестенің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ал «Жеңіс» үш ұпаймен төменгі сатыда тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов