4 сағат бұрын
«Ақтөбе» өз алаңында жеңіске жетті
«Ақтөбе» мен ақтаулық «Каспий» Қазақстан Премьер-Лигасының бесінші туры аясында кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ие болды. Aлайда олар есепті тек үзіліс алдында ашып, Артур Шушеначев пенальтиден гол соқты. Үзілістен кейін екі команда да гол соғуға мүмкіндік алды. Бірақ есеп өзгеріссіз қалды.
«Ақтөбе» — «Каспий» 1:0 (1:0)
Гол: Шушеначев, пенальтиден, 45 (1:0).
Қазір «Ақтөбе» жеті ұпаймен турнирлік кестенің ортасында тұр. Ал «Каспий» бір ұпаймен соңғы орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов