3 сағат бұрын
«Манчестер Сити» чемпиондыққа таласын жалғастырады
Англия Премьер-лигасының 2025/2026 маусымындағы 32-тур аясында «Челси» мен «Манчестер Сити» клубтарының матчы аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойында 3:0 есебімен «қалалықтар» жеңіске жетті. 51-минутта Нико О’Райли есеп ашып, «Манчестер Ситиді» алға шығарды. 57-минутта Марк Гехи қонақтардың басымдығын арттырды. Ал 68-минутта Жереми Доку Пеп Гвардиола командасының үшінші голын соқты.
Қазіргі таңда «Манчестер Сити» 64 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орында тұр көш бастап тұрған «Арсеналдан» (70 ұпай) алты ұпайға қалып келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов