4 сағат бұрын
Шымкентте Қазақстандағы алғашқы скаутинг семинары басталды
Шымкент қаласында скаутинг бойынша Қазақстандағы алғашқы оқыту семинары басталды. Бағдарлама бастапқы деңгейдегі (Level III) мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу үдерісі 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы «Жалын» республикалық турнирі аясында өтіп, 16 сәуірге дейін жалғасады.
Семинарға 25-тен астам маман қатысуда. Олардың қатарында жаттықтырушылар мен футбол ұйымдарының өкілдері бар. Шақырылған сарапшылар қатарында FIFA-ның таланттарды анықтау және скаутинг бойынша маманы Стив Марроу және UEFA-ның элиталық жасөспірімдер футболы жөніндегі сарапшысы Роджер Мейхтри бар.
Курс бағдарламасы скаутинг, ойыншыларды іріктеу және бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Қатысушылар заманауи талдау әдістерімен танысып, ойыншыларды іріктеу қағидаларын меңгереді және алған білімдерін жарыс жағдайында қолдану жолдарын үйренеді.
Семинардың практикалық бөлігі «Жалын» турнирі матчтары кезінде өтеді. Бұл қатысушыларға теориялық білімдерін іс жүзінде бекітіп, нақты ойын барысында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Аталған шара Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтуде және балалар мен жасөспірімдер футболы саласында еңбек ететін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға бастапқы деңгейдегі (Level III) скаут сертификаты табысталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан