2 сағат бұрын
Ғалымжан Кенжебек жазда ҚПЛ-ға оралуы мүмкін
Фото: «Ахмат» футбол клубы
2026 жылдың қаңтарында қазақстандық футболшы Ресейдің «Ахматпен» клубымен келісімшартқа қол қойған еді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз Ресей Премьер-лигасының 6 матчында небәрі 20 минут ойнады.
Оған қазақстандық «Ақтөбе», «Елімай» және «Ордабасы» клубтары белсенді түрде қызығушылық танытуда.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» командасы академиясында тәлім алған ол үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы аталған клубтан бастады. Одан кейін «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана), кипрлік «Акритас Хлоракас», словакиялық «Кошице» клубтарында доп тепті.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2024 жылы өткізді. Қазірге дейін алты ойында бір голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол еліміздің 17, 19, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан