01.10.2023

«Ақсу» мен «Каспий» ҚПЛ-дан шығып қалды

«Ақсу» мен «Каспий» ҚПЛ-дан шығып қалды

Осы маусымда Премьер-лигада өз орнын сақтай алмаған алғашқы командалар анықталды, деп хабарлайды sport12.kz.

Бүгін "Оқжетпес" Қазақстан чемпионатының 24-ші туры аясында "Қызылжарды" 2:1 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс көкшетаулықтарды "ұшу аймағынан" алыстатып, маусымның алғашқы екі "аутсайдер" командасын анықтап берді.

Мәселен "Оқжетпес" чемпионатта 25 ұпай жинап, 11-ші орынға көтерілді. Сөйтіп "Ақсу" (18 ұпай/24 матч) мен "Каспий" (15 ұпай/23 матч) командаларынан артта қалдырды.

Осылайша екі клуб та келесі маусымды Бірінші лигада өткізеді. "Каспий" Бірінші лигада 2019 жылғы маусымнан бастап, ал "Ақсу" 2021 жылдан бері бірінші рет ойнайды.

Дегенмен ҚПЛ-да қалу үшін күресті бірден 6 команда жалғастырып жатыр. Олар: "Қайсар", "Тобыл", "Шахтер", "Жетісу", "Оқжетпес" және "Мақтаарал"


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас