18.06.2024

«Бешікташ» клубының бас бапкері Бахтиер Зайнутдиновты командада көргісі келмейді

«Бешікташ» клубының бас бапкері Бахтиер Зайнутдиновты командада көргісі келмейді

"Бешікташтың" жаңа бас бапкері Джованни Ван Бронхорст қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновты стамбулдық клуб сапында көрмейтінін айтты. Бұл туралы sport12.kz Türkıye Gazetesi сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Джованни Ван Бронхорст - 2024 жылдың маусым айында Фернанду Сантуштың орнына келген "Бешікташтың" жаңа бапкері. Маман басшылыққа берген есебінде Зайнутдинов, Анте Ребич, Дэниел Амарти, Умут Мераш, Алекс Окслейд Чемберлен есімдерін атап, олармен қош айтысу керек екенін айтты. Сонымен қатар өткен маусымда жалға берілген футболшыларды күтетінін мәлімдеген.

Осыған дейін Бахтиер Зайнутдиновтың ресейлік "Зенитке" ауысатыны айтылды. Десе де қазақстандық футболшының өзі де, оның әкесі де Ресейге ауысу жағын қарастырмайтынын жеткізген.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары Еуропа чемпионатын сәтсіз бастады. Германияда өтіп жатқан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының "С" тобындағы ойында Словения мен Дания құрамалары ұпай бөлісті.

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Футзал 4 сағат бұрын

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футбол 4 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Футзал 5 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Бокс 5 сағат бұрын

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Париж-2024 5 сағат бұрын

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Бокс 5 сағат бұрын

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады