22.06.2024

EURO - 2024: Португалия құрамасы плей-офф сатысына жолдама алды

EURO - 2024: Португалия құрамасы плей-офф сатысына жолдама алды

Португалия мен Түркия құрамалары Еуро-2024 топтық кезеңінің екінші турындағы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Екі құрама арасындағы кездесуде Португалия футболшылары 21-минутта гол соғып, есепте алға шықты. Жартылай қорғаушы Бернарду Силваның алыстан бағыттаған соққысын Түркия қақпашысы Алтай Байиндыр қайтара алмады. Араға 7 минут салып, таблодағы есепке өзгеріс енді. Қорғаушы Самет Акайдын қақпашыға пас беремін деп өз қақпасына гол соғып алды. 

Кездесудің екінші таймында Португалия футболшылары үшінші допты торда тулатты. Гол авторы - Бруну Фернандеш. 

Әрмен қарай Түркия құрамасы шабуылды үдете түсіп, есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Қапталдан 9 бұрыштама (бірінші таймда 3) көтерді. Бірақ Монтелла жаттықтыратын құрама футболшылары Кошта қорғаған қақпаның кілтін таба алмады. Осылайша ойын 3:0 есебімен аяқталды

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Футзал 4 сағат бұрын

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футбол 4 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Футзал 5 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Бокс 5 сағат бұрын

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Париж-2024 5 сағат бұрын

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Бокс 5 сағат бұрын

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады