5 күн бұрын

Футболшыларға ұнауға тырыспаймын

Футболшыларға ұнауға тырыспаймын

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында ұлттық құрамаға шақырылатын ойыншылардың жас шамасына байланысты сұраққа жауап берді.

– Бауыржан Байтана мен Дмитрий Шомко сияқты тәжірибелі ойыншылар ұлттық құрамада ойнауға мүмкіндік ала ма?

– Мен бұған дейін бапкерлік құрамның бақылауында екі жас футболшы болатынын айттым. Мәселен Ресей құрамасына бапкер болып жүрген кезімде командаға 18 жастағы Головин шақырылды. Сол кезде маған ешкім жастарды шақыруға мәжбүрлеген жоқ ғой. Сол сияқты. Егер футболшының бойында қарым-қабілеті болса, мен оны бірден байқаймын. Мен футболшыларға ұнағым келмейді. Мен үшін футболшылардың жас мәселесіне байланысты ешқандай айырмашылық жоқ. Нәтиже қажет. 36 жастағы футболшы ұлттық құрамада ойнай алмайды деп қайда жазылған?

 Еске салайық, Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткеннен кейін оның орнына Станислав Черчесов тағайындалған болатын. Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы "В" дивизионында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен кездеседі. Бірінші ойындар қыркүйек айынының басына жоспарланған.

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 1 күн бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады