03.07.2024

Париж-2024: Олимпиадада семсерлесуден ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Париж-2024: Олимпиадада семсерлесуден ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Париж Олимпиадасының басталуына бүгін тура 23 күн қалды. Қазақстандық спортшылар арасында кейбір жекелеген спорт түрлерінен басты додаға баратын атлеттердің қатары толығып, есімдеріде анықталып жатыр.

Бүгін ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден ел намысын кімдердің қорғайтынын мәлімдеді. 

Атап айтсақ, шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов сынға түседі. Жарыс ережесі бойынша, жекелей сында әрбір мемлекеттен ең көп дегенде үш спортшы ғана бақ сынай алады. 

Ал Ерлік Сертай жекелей сынға қатыспайды. Ол командалық жарыста ұлттық құрамаға көмекке келіп, Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласпақ. Командалық жарыста Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай сынға түседі. 

Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын шпагашылар Испанияда өткізбек.

Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасын иеленді.

Жоғарыда аталған төрттік жақында Кувейтте өткен Азия чемпионатында топ жарып, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы Франция астанасы Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.


Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Дзюдо

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

Бокс 2 сағат бұрын

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Теннис 2 сағат бұрын

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Футбол 3 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді

Хоккей 3 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді