04.07.2024
Абдумалик Халоков пен семсерлесуші Зайнаб Дайибековаға өзбек туын ұстап шығады

Көрші елдің олимпиадалық комитеті жазғы ойындарға дайындықты нақтылап, ашылу салтанатында туды ұстап шығатын спортшыларды жариялады. Бұл құрмет биыл боксшы Абдумалик Халоков пен семсерлесуші Зайнаб Дайибековаға бұйырды.
Ал, бізде кімдер қазақстандық шепті бастап шығары әзірге белгісіз. Мендегі ақпарат бойынша, ресми түрде келесі аптада айтылады. Осы тұрғыда кімдердің туды ұстап шыққаны дұрыс деп ойлайсыз? Бұл жолы дәл осы құрмет кімге берілуі керек? Кім лайықты? Пікір қалдыра кетіңіз. Мүмкін спортқа жауаптылар ескерер...
