3 күн бұрын

Ол қыз сияқты: Аршавин Роналду туралы айтты

Ол қыз сияқты: Аршавин Роналду туралы айтты

Футболдан Еуропа чемпионатында Португалия – Словения арасындағы матчта пенальтиден гол соға алмай, көз жасына ерік берген Криштиану Роналдуды Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин қызға теңеді, деп хабарлайды Sport12.

«Матч ТВ» телеарнасына сұхбат берген экс-футболшы Роналдудың бұл әрекеті оның фанаттарына ұнайтынын айтты.

 «Егер бұл бірінші рет болса, мен Роналдуды түсінетін және қолдайтын едім. Ал, кеше ол тура қыз сияқты көрінді. Менің ойымша ол өкініштен жыламайды, өзін камераға түсіріп тұрғанын білгеннен кейін әдейі жылайды. Ол өзі туралы жұрт әңгіме етсе, сөз қылса дейді. Кешегі жылағаны да байқасаңыздар имиджіне еш теріс әсер еткен жоқ. Оның фанаты саналатын қыздардың бәрі көз жасын көріп Роналдуды жақсы көре түсті», - деді Аршавин.

Еске салайық, 1/8 финалдық ойында Словениямен тең ойнаған Португалия пенальти сериясында жеңіске жетті (3:0). Ал, овертаймда Роналду 11 метрлік айып добын соға алмай қалды.

Футболдан Лига кубогы: «Астана» «Каспийді» ойсырата жеңді

Футбол 10 сағат бұрын

Футболдан Лига кубогы: «Астана» «Каспийді» ойсырата жеңді

Мақсат Байжановтың төртінші перзенті дүниеге келді

Футбол 12 сағат бұрын

Мақсат Байжановтың төртінші перзенті дүниеге келді

Футболдан Лига кубогы: «Қызылжар» мен «Қайрат» тең ойнады

Футбол 12 сағат бұрын

Футболдан Лига кубогы: «Қызылжар» мен «Қайрат» тең ойнады

«Арлан» шайбалы хоккейден Континенталдық кубок ойындарына қатысады

Хоккей 15 сағат бұрын

«Арлан» шайбалы хоккейден Континенталдық кубок ойындарына қатысады

Еуро-2025: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екі ойын өткізеді

Футбол 15 сағат бұрын

Еуро-2025: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екі ойын өткізеді

EURO-2024: Бас жүлде кімге бұйырады?

Футбол 15 сағат бұрын

EURO-2024: Бас жүлде кімге бұйырады?