3 күн бұрын

Бүгін футболдан Америка кубогының 1/4 финалдық кезеңі басталады

Бүгін футболдан Америка кубогының 1/4 финалдық кезеңі басталады

Бүгін футболдан Америка кубогының 1/4 финалдық кезеңі басталады. Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы бұл жолы Эквадормен сынға түседі.

Аргентиналық футболшылар А тобында бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Олар Канада мен Перуді 2:0, Чилиді 1:0 есебімен тізе бүктіріп, тоғыз ұпаймен бірінші орын алды. 

Әзірге Лионель Месси гол соққан жоқ. 

Әлем футболындағы тағы бір үздік құраманың бірі - Бразилия топтық кезеңде небәрі бір кездесуде жеңіп, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді. Өз тобында екінші орынды місе тұтты.

Аргентина мен Эквадор кездесуі 05:50-де «Qazsport» телеарнасы және LIVE SPORT12 телеграмда тікелей эфирде көрсетіледі. 

Сондай-ақ ширек финалда 5 шілдеде Венесуэла мен Канада, 6 шілдеде Уругвай мен Бразилия, Колумбия мен Панама кездеседі. 

Биыл Америка кубогы 20 маусым мен 14 шілде аралығында АҚШ-тың 14 қаласында өткізілуде. 

Америка кубогы 1916 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін Аргентина мен Уругвай -16, Бразилия - 9, Парагвай, Чили, Перу - 2, Клоумбия мен Боливия - 1 мәртеден чемпион атанды.


Футболдан Лига кубогы: «Астана» «Каспийді» ойсырата жеңді

Футбол 10 сағат бұрын

Футболдан Лига кубогы: «Астана» «Каспийді» ойсырата жеңді

Мақсат Байжановтың төртінші перзенті дүниеге келді

Футбол 12 сағат бұрын

Мақсат Байжановтың төртінші перзенті дүниеге келді

Футболдан Лига кубогы: «Қызылжар» мен «Қайрат» тең ойнады

Футбол 12 сағат бұрын

Футболдан Лига кубогы: «Қызылжар» мен «Қайрат» тең ойнады

«Арлан» шайбалы хоккейден Континенталдық кубок ойындарына қатысады

Хоккей 15 сағат бұрын

«Арлан» шайбалы хоккейден Континенталдық кубок ойындарына қатысады

Еуро-2025: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екі ойын өткізеді

Футбол 15 сағат бұрын

Еуро-2025: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екі ойын өткізеді

EURO-2024: Бас жүлде кімге бұйырады?

Футбол 16 сағат бұрын

EURO-2024: Бас жүлде кімге бұйырады?