06.07.2024
Нұралы Әліптің командасы өз алаңында аргентиналық команданы жеңді

Санкт-Петербургтік «Зенит» RPL Summer Cup халықаралық жолдастық турнирі аясында аргентиналық «Тальереспен» ойнады.
Кездесу Санкт-Петербургтегі (Ресей) «Газпром Арена» стадионында өтіп, 1:0 есебімен «Зенит» жеңіске жетті. 65-минутта ресейлік клубтың бразилиялық жартылай қорғаушысы Густаво Мантуан пенальтиді орындады.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп алаңға 46-минутта шықты.
Айта кетейік, бұл матч «Зенит» үшін тарихи болды «көк-ақ-көктер» алғаш рет Аргентина командасымен ойнады.
