07.07.2024
Бразилия құрамасы Америка кубогында жарысты аяқтады

Футболдан Америка кубогында Бразилия құрамасы жартылай финалға шыға алмай қалды, деп хабарлайды. sport12.
Ширек финалда олар Уругвайға пенальтиден 2:4 есебімен жол беріп қойды. Ойынның негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталған еді.
Бразилиялық футболшылар топтық кезеңдегі ойындарын да сүреңсіз өткізді. Парагвайды (4:2) жеңгенімен, Колумбия (1:1) мен Коста-Рика (0:0) құрамаларымен тең түсіп, өз тобында бес ұпаймен екінші орынды місе тұтты. Алдына жеті ұпаймен Колумбия шықты.
Америка кубогы 1916 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін Аргентина мен Уругвай -16, Бразилия - 9, Парагвай, Чили, Перу - 2, Клоумбия мен Боливия - 1 мәртеден чемпион атанды.
