07.07.2024
«Арлан» шайбалы хоккейден Континенталдық кубок ойындарына қатысады

Қазақстан хоккей федерациясы
Халықаралық хоккей федерациясы 2024/2025 жылдардағы маусымда Континенталдық кубокты ойнайтын командалар құрамын жариялады.
Шайбалы хоккейден Қазақстанның қазіргі чемпионы көкшетаулық «Арлан» жарысты үшінші іріктеу кезеңінен бастайды. Олар Е тобында «Кардифф» (Ұлыбритания), «Жилина» (Словакия) командаларымен кездеседі. Қазақстандық клубтың тағы бір қарсыласы С тобындағы ойындар нәтижесі арқылы болады. Бұл топтағы командалар 18-20 қазан аралығында болады.
Үшінші іріктеу кезеңіндегі ойындар 15-17 қараша аралығында өтеді.
Айта кетсек, Континенталдық кубоктың өткен маусымында астаналық «Номад» командасы жеңімпаз атанған еді.
