10.07.2024
EURO-2024: Бүгін финалға шыққан тағы бір құрама анықталады

uefa.com
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 10 шілдеде 1/2 финалдағы екінші ойында Англия мен Нидерланд құрамалары кездеседі.
Кездесу сағат 00.00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама бұған дейін 22 мәрте кездесіп, 6-да Англия, 7-де Нидерланд басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.
Кездесу Дортмунд қаласындағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өтеді.
