21.07.2024

«Ордабасы» бас бапкер іздеп жатыр ма? 

«Ордабасы» бас бапкер іздеп жатыр ма? 

Беларусьтік Александр Седнев шымкенттік «Ордабасы» командасы бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Ордабасы» Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Петрокуб» клубына (0:0, 0:1) жол берді.

Енді олар Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Лэксембургтің «Дифферданж 03» командасымен ойнайды. 

Алғашқы ойын 23 шілде күні Астана уақытымен сағат 22:00-де Дифферданж (Люксембург) қаласының муниципалды стадионында өтеді. Қарымта кездесу 1 тамыз күні сағат 20:00-ге жоспарланған.

Өткен жылы өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атағын жеңіп алған команда биыл еурокубок ойындарының бірінің топтық кезеңінде бақ сынауды алдына мақсат етіп қойып отыр. Бұл міндет орындалмаған жағдайда Александр Седнев қызметімен қош айтысуы мүмкін. 

Александр Седнев 2021 жылдан бері «Ордабасы» командасы бас бапкері қызметін атқарып келеді. 

Инсайдерлік ақпарат көздеріне сүйенсек, оның орнына болгариялық Станимир Стоилов келуі ықтимал. Бұл маман 2014-2018 жылдарда елордалық «Астана» командасын жаттықтырды. Аталған команданы Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы топтық кезеңіне бірнеше мәрте алып шықты. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас