26.07.2024

«Тобыл» «Санкт-Галленге» қауқар көрсете алмады

«Тобыл» «Санкт-Галленге» қауқар көрсете алмады

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Тобыл» сырт алаңда Швейцарияның «Санкт-Галлен» командасымен кездесті.

Алғашқы минуттан швейцариялық команда тізгінді қолға алуға тырысты. Дегенмен алғашқы голды қостанайлық команда соғып кетті. 

Ойынның 28-минутында қостанайлық Игор Ивановичтің қақпаға бағыттаған добы «Санкт-Галлен» футболшысы Альберт Вальчидің аяғына тиіп, бағыты өзгерген доп қақпа торында тулап жатты. Швейцариялық футболшы автоголдың авторы атанды. 

Одан кейін «Санкт-Галлен» сапынан Михайло Стеванович 35, Шадрак Аколо 39, Бастьен Тома 77, Альберт Вальчи 97-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Енді қарымта ойын 1 тамызда Қостанай қаласында өтеді.

Әлем чемпионаты: Еркін күрестен қазақ балуаны қолаға таласады

Күрес 8 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Еркін күрестен қазақ балуаны қолаға таласады

Нұралы Әліп өзін қазақ тіліне қарсы деп жазғырған журналистке жауап берді

Футбол 9 сағат бұрын

Нұралы Әліп өзін қазақ тіліне қарсы деп жазғырған журналистке жауап берді

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын журналистер «Қазмедиа орталығынан» тамашалайды 

Көшпенділер ойыны 2024 10 сағат бұрын

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын журналистер «Қазмедиа орталығынан» тамашалайды 

Марат Быстров – Норвегиямен өткен матчтың үздік ойыншысы

Футбол 11 сағат бұрын

Марат Быстров – Норвегиямен өткен матчтың үздік ойыншысы

Холландтан қомсынбай, Эдегорды елемедік...

Футбол 11 сағат бұрын

Холландтан қомсынбай, Эдегорды елемедік...

Футзалдан Қазақстан құрамасы Алматыда Аргентинамен шеберлік байқасады

Футбол 12 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Алматыда Аргентинамен шеберлік байқасады