30.07.2024

Украина құрамасының қақпашысы «Елімай» сапына қосылды 

Украина құрамасының қақпашысы «Елімай» сапына қосылды 

readfootball.com

Футболдан Украина құрамасының қақпашысы «Елімай» сапына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Запорожьелік «Металлургтің» түлегі Максим Коваль өзінің туған командасынан бөлек, киевтік «Динамо», «Говерла», даттық «Оденсе», испаниялық «Депортиво», сауд арабиялық «Әл-Фатех» және молдовалық «Шериф» клубтарында өнер көрсеткен. Ол 2012-13 жылғы Украина Біріншілігінің үздік қақпашысы атанған. Сонымен қатар, ол Украина Кубогінің иегері, Молдова Біріншілігі мен Кубогінің жеңімпазы. 31-жасар футболшы Украина ұлттық құрамасы сапында 2012 жылғы Еуропа чемпионатының қатысушысы. Максим Коваль біздің командамызға грекиялық «Арис» клубынан еркін агент ретінде ауысты.

Сондай-ақ, тәжірибелі футболшы Еурокубоктерде 49 матчқа қатысып үлгерді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!