02.08.2024

Белгілі журналист Головкин төрешілерге ешқандай қауқар көрсете алмай отырғанын сынады

Белгілі журналист Головкин төрешілерге ешқандай қауқар көрсете алмай отырғанын сынады

Еліңнің әлемдік аренада бес тиындық беделі болмаса, нәтиже осылай аяқталады. Кеше Мұхаммедсабыр мен Айбек, оның алдында Қамшыбек пен Махмұд рингке Қазақстан туы астында емес, АҚШ туы астында шыққанда төрешілер анадай бассыздыққа барардан алдын бір жерлеріне жақсылап бір қарап алар еді.

Белгілі журналист Абай Балажан әлеуметтік желідегі парақшасында Париж олимпиадасында бокстан болып жатқан төрешілердің әділетсіздігі жөнінде ой-пікірін білдірді. 

«Бұл - бір. Екінші, біздің билік Головкинді ҰОК-не басшылыққа осы олқылықтың орнын толтырамыз деп әкелді. Олар Генаның әлемдегі абыройына арқа сүйеді. Алайда, Гена әлемде абыройлы болса, спортшы ретінде ғана абыройлы екен. Саясаткер ретінде ТҰЛҒА болмай шықты, бәлкім ол үшін Головкин кінәлі де емес шығар, ол енді басқа әңгіме. Бастысы, қазақстандық делегация ХОК-тің, төрешілердің шабуылына қарсы ешқандай қауқар көрсете алмауда. Ол жерде Қазақстан деген спортта әп-әжептәуір нәтижелері бар ел еді ғой деп отырған ешкім көрінбейді. Головкин Елдосқа ақыл айтып жүр, Елдос бүкіл Қазақстанға уағыз айтып жүр. Болды. Әңгімені Елдостан бұрын ХОК-ке айту керек еді де.

Осы ҰОК-ін бір жылдары Аманша Ақбаев деген азамат басқарған. Сол кісі Олимпиадаға бармай, Алматыда отырып-ақ бүкіл әлемге өзінің абыройын жүргізетін. Ол кезде Қазақстан спортшыларын дәл қазіргідей ешкім басына алмайтын.

Қай күні Мұхтархан бауырым Қамшыбектің адресіне біраз сын айтты. “Менің қарсыластарыммен шыққанда не болар еді?” дегендей қылды. Мұхтархан бауырым бәрін дұрыс айтып тұр. Алайда, Құдайшылығына келгенде оның Сиднейдегі ширекфиналдық жекпе-жегін де, жартылай финалдағы Рустам Саидовпен өткізген жекпе-жегін де қарсыластарының пайдасына щешсе, ешкім ешнәрсе дей алмас еді. Жеңісті қайсысына берсең де болатын жекпе-жектер. Алайда, жеңіс екеуінде де Мұхтархан Ділдәбековке берілді. Неге? Өйткені Қазақстан бокс федерациясының президенті қазіргідей Мүтәліп пе, Әблімүтәліп пе, біреу емес, Бекет Махмудов болатын! Ол қазіргілердей бай да емес еді, бағлан да емес еді, алайда, оның спорт әлеміндегі абырой-беделі кейбір мемлекеттер президенттерінің абырой-беделінен қайда жоғары еді. Сол Бекет Махмұдов кейіннен дзю-до федерациясына басшылық жасады. Қалай дзю-доның тізгінін қолға ұстады, солай дзю-додан Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионын шығарды! Тұңғыш әлем чемпионы Максим Раков әуелі Аллаға, сосын бапкері - өз әкесіне, сосын осы Бекет Махмұдовқа қарыздар! Түсінсе, әрине! Әттең, кейінірек денсаулығы сыр берді де көп мәселелерге араласа алмады.

Қалай болғанда да спорт - мемлекеттік идеология көрсеткіші. Ал, идеология саласына келетін кадр әбден екшеуден өтуі тиіс. Мейлі, кім болса да! Мейлі, Қазақстанға қандай еңбегі сіңсе де! Бұл салаға ұшқары сөз айтып қоятындар мүлде жоламау керек! Сөйлеуге ұмтылма, жұмыс істеп, нәтиже көрсетуге ұмтыл!

Ал, қазақ боксшылары жеңілгенге жандары ашығансып, бірақ айыздары қанып (айыздары қанып деген сөз тіркесін жәйдан жай қолданып отырған жоқпын) отырған отандастарымызға не дейміз? Не деуші едік, сен де қазақтың бір баласысың, жақсылық көр дейміз де!»- дейді Абай Балажан.

Қазір Париж Олимпиадасында ел құрамасы сапында барған жеті боксшының бірі елге ертерек қайтуға мәжбүр болды. Енді Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Нұрбек Оралбай 80 келі) ширек финал ойындарын өткізеді.  

Адемола Лукман «Атлетикоға» ауысуы мүмкін

Футбол 1 сағат бұрын

Адемола Лукман «Атлетикоға» ауысуы мүмкін

Қарағандыда жаңа футбол академиясы ашылады

Футбол 4 сағат бұрын

Қарағандыда жаңа футбол академиясы ашылады

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды 

Футбол 6 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды 

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Футбол 17 сағат бұрын

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Басқа 18 сағат бұрын

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Беларусьтік «Легия» шабуылшысы Ілия Шкурин «Ақтөбемен» қарымта матчқа саяси себептерге байланысты келмейді

Футбол 18 сағат бұрын

Беларусьтік «Легия» шабуылшысы Ілия Шкурин «Ақтөбемен» қарымта матчқа саяси себептерге байланысты келмейді