11.08.2024

Станислав Черчесов: Футболшылар өз клубтарында ойнауы қажет.

Станислав Черчесов: Футболшылар өз клубтарында ойнауы қажет.

Сурет Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ойыншыларға қандай талаптар қоятыны жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Ел құрамасы қыркүйек айының 6-да Ұлттар лигасы В дивизионындағы ойындарын бастайды. Алғашқы турда Алматыда Норвегия құрамасын қабылдайды. 

- Жиынға дейін бір ай уақыт бар. Әлі қай футболшы қандай бабында болатыны белгісіз. Жиынға аз уақыт қалғанда жарақат алып қалатын жағдайлар да болып тұрады. Футболшыларымыз өз клубтарында ойнауы қажет. Кейбір құрамаларда шетелдік бәсекелесі мықты болған ойыншыларды шақырмай жатады. Мәселен, қақпашылар сияқты. Бізге команда құрамында ойнап жүрген футболшылар керек. Негізгі құрамға ілінбей жүргендер де керек болады. Бәрін бақылап жүрмін. Көмекшілерім «Родинадағы» Құсяповтың ойынын тамашалау үшін Мәскеуге барды. «Шинниктегі» Скворцовтың ойынын көрді. Бұл жағынан жұмыс тұрақты жүріп жатыр. Күні кеше ойнаған «Ахматтың» сапында Самородов алаңға шықпады. Келіссөз қай деңгейде екен білмеймін. Бұл туралы ешкіммен сөйлеспедім. Десе де барлық ойыншыны қарап жүрміз. Бұл кез келген құрама бас бапкерінің жұмысы, - деді бас бапкер. 

Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды

Көшпенділер ойыны 2024 27 минут бұрын

Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды

Мас-рестлингтен ел құрамасына төрт қола түсті

Көшпенділер ойыны 2024 1 сағат бұрын

Мас-рестлингтен ел құрамасына төрт қола түсті

Ұлттық құрама аударыспақтан бес алтын алды

Көшпенділер ойыны 2024 2 сағат бұрын

Ұлттық құрама аударыспақтан бес алтын алды

Жамбы атудан Ералхан Айкөз чемпион атанды

Көшпенділер ойыны 2024 2 сағат бұрын

Жамбы атудан Ералхан Айкөз чемпион атанды

Аңсар Шайхмедденов «Барыс» сапында ҚХЛ-да 100-матчын өткізді

Хоккей 3 сағат бұрын

Аңсар Шайхмедденов «Барыс» сапында ҚХЛ-да 100-матчын өткізді

Мас-рестлингтен Ольга Душаева қола жүлдегер атанды

Көшпенділер ойыны 2024 4 сағат бұрын

Мас-рестлингтен Ольга Душаева қола жүлдегер атанды