12.08.2024

Олимпиада қазақ қоғамындағы өзекті мәселенің бетін ашты

Олимпиада қазақ қоғамындағы өзекті мәселенің бетін ашты

Қазақ қоғамы Олимпиадаға қатысқан, әсіресе, күрес пен боксқа қатысты спортшылардың сақалын, діни лексикасын, мінез-құлқын, жарысқа дейінгі араласқан діни ортасын қызу талқылап кетті, деп хабарлайды sport12.kz медиа порталы. Бұл жайлы Талғат Жақиянов өзінің фейсбук парақшасында жазды. 

Тіпті, діни бірегейлік мәселесі олимпиада көрсеткішінен де жоғары шығып, спортшының тұлғасын анықтайтын басты өлшем ретінде көрініс береді.

Бұл жағдай екі мәселенің өзектілігін көрсетеді:


Қазіргі уақытта Қазақ қоғамы дін ұстанатын спортшылардан ұлттық мінезді көргісі келеді. Әсіресе бүгінгі қазақ халқының қарқынды рухани жаңғыруы аясында дәстүрлі мұсылмандыққа деген сұраныс өте жоғары. Халық мұсылманмын деп жүрген спортшылардан дәстүрлі мұсылмандықтың көріністерін іздейді (сондай мінезді көргісі келетіндердің барлығын тәңіршілдер деп айыптау орынсыз). 

Егер күтілімдері ақталмаса, ол спортшының алтын немесе күміс алған жетістігі де қоғам үшін маңызды болмайын деп тұр. Олар қанша чемпион болса да, «халықтың сүйіктісіне» айнала алмайды, бұқаралық мойындауға ие болмайды. Мұндай әлеуметтік қысымды спортшылар алдағы уақытта ерекше сезінетін болады.

Екіншіден, отандық спорт саласын сәләфишілдік идеологиядан тазарту қажеттілігі — күн тәртібінде күйіп тұрған өзекті мәселе. Спортшыларды қызу талқылауға негіз болған себеп қоғамның осы мәселені біліп, көріп, алаңдап жүргендігімен байланысты.

Осыған орай екі міндет айқындалады:

  1. дәстүрлі мұсылмандықтың тұғырын күшейту
  2. спорт саласына дін тұрғысынан ревизия жасау.


Стас Покатилов Әзербайжан клубы сапында Еуропа лигасында ойнай ма?

Футбол 7 сағат бұрын

Стас Покатилов Әзербайжан клубы сапында Еуропа лигасында ойнай ма?

Елена Рыбакина «Роллан Гаррос» турнирінде қанша пайда тапты?

Теннис 8 сағат бұрын

Елена Рыбакина «Роллан Гаррос» турнирінде қанша пайда тапты?

Артём Дзюба «Қайратқа» ауыспайды

Футбол 9 сағат бұрын

Артём Дзюба «Қайратқа» ауыспайды

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Теннис 9 сағат бұрын

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Теннис 9 сағат бұрын

Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы жақын уақытта басталады

Футбол 10 сағат бұрын

Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы жақын уақытта басталады