13.08.2024
«Ақтөбе» құрамына «Миланда» ойнаған белгілі футболшы қосылуы мүмкін

«Ақтөбе» командасы құрамына тағы бір футболшы қосылуы мүмкін. Ол бұрын Италияның «Милан» командасы сапында ойын көрсеткен, деп хабарлайды Sport12.
Ақтөбелік клуб жақын күндері тағы бір ойыншымен келісім-шартқа қол қояды деп күтілуде. Жаңа футболшы еуропалық клубтарда доп теуіп, мол тәжірибе жинақтаған.
«Ақтөбе» биыл алдына чемпион болу міндетін қойып отыр. Қазір турнир кестесінде 29 ұпаймен бірінші орында келеді.
